жұқа етіп жайылған қамырдан жіңішкелеп кесілген кесінділер. Кеспеден сұйық және қою тағамдар жасалады. Туралған еттің сорпасына жіңішкелеп кесілген кеспе салып жасалған сұйық тағамды кеспе көже, қою тағамды салма немесе нан салма дейді. Сондай-ақ дәстүрлі ортада жылқының жүген, құйысқан, тебінгі т.б. ер-тұрмандардың бетіне шабылатын (бекітілетін) металл қиындысын, күміс әшекейлердің металдан жасалған негізін де кеспе деп атаған. Пыстан, өмілдірік, құйысқан, жүген, тебінгі беттеріне қағылатын үзбе, кеспе , құйма, шытыра, сыздық, шыбық, ширатпа, бүркеншік шеге деп аталатын әшекейлердің темірден жасалған кеспесі кескішпен қиылып жасалады.