зат. Адам денесіне киюге арналып тігілген бұйым, жасанды жамылғы түрлері, баскиім, аяқкиім, ішкиім, сырт киімдердің жалпы атауы. Жарым жақсы к и і м киіп, Келді жанға жылы тиіп. Диуана болды бұл көңілім. Басылмай бір құшып сүйіп (Абай, Тол. жин.). Қоя қой енді, Шекешім! К и і м і түскір құрысын! Қоймағанда не дейін... Айтқаныңа көнейін, Сен өлген жерде өлейін, Қабағыңды көтерші... (Ж.Аймауытов, Шығ.). К и і м жаға-жеңімен жарасады ( Мақал). Жаямын бірде қозы, бірде қойды, Іздеймін шілдехана, күнде тойды, Болғанмен к и і м жаман, әнім тәуір, Баламын жас өспірім, ұзын бойлы (К. Әзірбаев, Таңд. шығ.).