КИІМДІ

lat: KIİMDİ

сын. Киімі бар, киім киген, киінген. Бұл өмірде мұндай к и і м д і кім бар? (І.Жансүгіров, Шығ.). Сыпайы к и і м д і жас жігіт Құрымбай ыржиып күлді де, торы атты доғарумен болды (Б.Майлин, Шығ.). Бәрі де жақсы к и і м д і жас жігіттер (Ә.Нұршайықов, Алтын соқпақ). // Киім киген, киінген, киімі бар адам. Қабағы сәл түйілді, Деді былай тілге кеп: Екі қара к и і м д і, Әкетті оны түнде кеп (С.Мәуленов, Алыс к ет. ). Ақ к и і м д і, денелі, ақ сақалды, Соқыр-мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды (Абай, Тол. жин.).