КИІМДІК

lat: KIİMDİK

бір киім тігуге жететін мата көлемінің атауы. Ағайын-туысты аралап, қыдырыстап жүрген қариялардың, әсіресе, апа-әжелердің арасында алыс-беріс, сый түрінде жүретін кәдедің түрі.     Өлшемі 3-4 м. көлемінен кем болмайды. Оның көйлектік деген де атауы бар. Дәстүрлі қазақы ортада, әдетте, әрбір үйдің төр сандығында келімді-кетімді сыйлы қонақтарға арналған киімдік мата сақталды.