ет. 1. Күшке салып, омыраулай алға ұмтылу. Бозбалалар Асылбек болысты боқтап, қамшы салуға айналды, оларға ақсақалдар ақырысып тұрысқан соң жігіттерден ешкім к и і п-ж а р ы п болысты ұра алмады (І.Жансүгіров, Шығ.). Сөйткенше болған жоқ. Арт жағынан к и і п-ж а р ы п, жолдағыларын қағып-соғып біреу келді (С.Жүнісов, Жапанда.). Бүгін аванс беріп жатқан күн е кен. Самат әйшай жоқ, шіретті (очередьті) к и і п-ж а р ы п алға ұмтылды (Б.Тоғысбаев, Алдыңғы.). Сол-ақ екен, жұрт ауыздарын жиып алғанша, бір әйел ентелей басып келді де есікте тұрған балашағаны к и і п-ж ар а ішке кірді (Қ.Жұмәділов, Соңғы көш). 2. ауыс. Сөзді бөлу, кимелеу. Горбачевтің және бір «жаңалығы» сөйлеп тұрған кісіге к и і п-ж а р ы п, жарыса сөйлейді, болмаса тоқтатып қойып, ұзақ көсіліп кетеді (Д.Қонаев, Өтті дәурен.).