КИБЕРНЕТИКА

lat: KIBERNETIKA

зат. Басқару, байланыс жасау және ақпарат ісінің жалпы заңдылықтарын өңдеу туралы ғылым. Бүгінгі физика, генетика, к и б е р н ет и к а саласындағы ғылыми тартысты, сан алуан ағымдардың, мектептердің айтысын арнаулы білімі бар адамдардың өзі әрең түсінеді (Р.Нұрғалиев, Күретамыр). Біз к и б ер н е т ик а н ы ң жаңа ғана ашылған өте жас ғылым екенін білеміз (Ш.Қожахметов, Ғалам ғажап.). К и б е рн е т и к а н ы ң басқару процестерін ең алдымен ақпараттық жағынан, сонымен қатар басқару жүйесінің құрылымы және ақпаратты қабылдау және өңдеу қасиеттері тұрғысынан қарастырып зерттейді (Қаз. тілі термин. Әскери.). К и б е рн е т и к а д а ғ ы зерттелетін негізгі нысандар кибернетикалық жүйелер дерексіз (абстракт) түрде, яғни олардың табиғаты физикалық мазмұнына байланыссыз зерттеледі (ҚҰЭ).