зат. миф. 1. Қандай да бір заттың немесе тіршілік иесінің ерекше тылсым күшке ие қасиеті. Ислам діні таралмастан бұрынғы дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасып, к и е деп саналған кейбір тотемдік наным-сенімдер жұрнағы қазіргі салт-дәстүрде де кездеседі (табалдырық баспау, айға қарап түзге шықпау, түтін түтету, аластау, т.б.). (ҚҰЭ). 2. Қазақы наным-сенім бойынша, өзен-көл, орман-тау, мал-құстардың крргаушысы, пірі болады деген түсінік, қорғаушы, желеп-жебеуші. Ақ бура таудың тағы түйесі деп, О-дағы қасиеті бар иесі деп, Тұқымы сотқар ханның оңбағаны жұрт айтад: «Сол түйенің к и е с і»,деп (С.Сейфуллин, Өлеңд.). Алаңның алдында «Бурабай» аталатын шалқар көл, жан-жағында асуы қиын таулардың кезеңі. Таулардың бәрін қосқандағы аты «Бурабай», жергілікті жұрттың ертегі ғып айтуынша, осы таудың к и е с і боп жүретін мифологиялық ақ бас қара бура бар деседі (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Мысалы, жылқының к и е с і Қамбар ата, қойдікі Шопан ата, түйенікі Ойсыл қара, сиырдікі Зеңгі баба, ешкінікі Бәуадин әулие деген діни сенім болған (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). 3. ауыс. Қамқоршы, қожайын. Қамқорым, ием, к и е м-ау, неге кешіктің, Сен келер-ау деп салғам жоқ кілтін есіктің. Сен келер-ау деп терезеңді ашып тастадым. Сен келер-ау деп бір жанып, қайта өшіппін (Т.Молдағалиев, Шақырады.).