КИЕЛІ

lat: KIELİ

киесі бар. Табиғатта ненің күші өзінен басым болса, қатерлі болса, соның бәрі иелі, к и е л і деп санап имандай ұйыған (Ж.Аймауытов, Таңд. шығ.). Заманында Ескендір Жеті ықылымды билеген. Асқан алып, к и е л і, Түссе де отқа күймеген (М.Жұмабаев, Шығ.). Дала деген к и е л і ер ананың Омырауын аймалап нәр аламын. Өкпе-наздан босаған көңілімді Күн нұрына толтырып ораламын (Қ.Мырзалиев, Домбыра). К и е л і деп санау, оларға сиыну, табыну дәстүрі ежелден қалыптасқан ( ҚҰЭ). // Киесі бар жан. К и е л і г е қол көтерген жолығады бөгетке, Сауап бопты ойсыз, арсыз төбетке, депті ұлы адам бойын дүлей ыза буып, қасарып, Досын аңсап, жанарына жас алып... Тіршіліктің иірімі неге мұнша көп еді, Арың өлсе, тәнің қатар өледі?! (М.Шаханов, Ғасырлар.). Ауыртпас алғырлықтан хатқа басын, Айтар сөз ақыны да таппағасын. Аққудың көгілдірі депті ақыры Көлдегі к и е л і н і ң ақ баласын (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Көрсетем деп өзімше к и е л і м е көп қызық, Қарау үшін жиі өңіне тек қызып. Көктайғақта көп жүрдім, көгалалы суығын Сіңірімнен өткізіп, сүйегіме жеткізіп (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). // Қасиет, щдірет. Бізде ықылас болғанмен Ықыласы жоқ, иесі. Ол қоштасып жалғанмен, Қобызда қалған к и е с і (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). 2. Құдіретті. К и е л і тау ел қиялын телітті, Сол құдірет жаудың күшін кемітті. Бабаларым басын қосып үш жүздің, Қиналғанда Ұлытауға келіпті (К.Салықов, Жезкиік). Жас Астана есімі елеңдетіп, Еңсем биік, Ұмтылдым өрем бекіп. Ол кең дала, к и е л і ақ күмбезі, Көп үңілсем, тарихқа терең кетіп (К.Салықов, Жезкиік). Көзәйнекпен көркемделген жиегі Бір кітаптан «Мұқтасардан» к и е л і Осындай бір сөз оқыды Нәнкеше Күйші сұлтан, тарихшы бек жиені (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). 3. ауыс. Ардақты, құрметті, қымбат, бағалы. Тек шарапат күтсін сенен ізгі елің, Ең к и е л і борышыңды орында! Қалдырмайтын саусағының іздерін, Табиғаттың қолы болсын қолың да (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).Білмедім мен, сен әйтеуір ораласың көп тілге, К и е л і сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе! Ана десе, әйтеуір, мен өзге сөзді есітпен, Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен (Т.Айбергенов, Мен саған.). // Ардацты, ардац тцтцан нәрсе. К и е л і н і табанына тастаған, ізеттісін тасқа ұрған, Онда нағыз безбүйрек, Онда нағыз хас надан. Сіз болдыңыз, тақсыр хан! (М.Шаханов, Ғасырлар.). 4. ауыс. Ыстық, қадірлі,ерекше. Балаң болсын өлеңіңнің жолдары, Сол бейнеден көз жазба, деп, к и е л і. Мені Данте Алигьери қолдады, Франческа Петрарка сүйеді (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Аузыма тосқан Сыр суын, Кәусардай мөлдір сусыным. Күлше нандай к и е л і, Жаныма ыстық Шиелі (С.Мәуленов, Алыс кет.). Нақ сол жылы көктемде Матай тауы маңындағы көк белге Қонып ұшқан сыңар аққу Петербордың төбесінен өткенде, Әлгі аққудың мұңлы әніндей Мұңлы хабар Федордың Құлағына жеткенде: Шапағатқа суарылған сүйегі, Дос сезімде қасиет бар к и е л і (М.Шаханов, Ғасырлар.).