КИМЕШЕК-ШАРШЫ

lat: KIMESHEK-SHARSHY

зат. этн. Әйелдердің кимешек, шаршы сияқты баскиімдері. Ай-әже есікті жаба сап жерге төгілген ұзын әрі мол к и м е ш е к-ш а р ш ы с ы ағараңдап, ауыл ортасына таман беттеді (М.Мағауин, Бір ата.). Ауылдағы енелер мен абысындарға қосылып Ділдә келініне к и м е ш е к-ш ар ш ы, қалың жібек желек кигізіп жіберіпті (М.Әуезов, Шығ.). Таза көйлек, кәмзол киіп, көкбараздаған кимешекшаршы тартқан келіншектер мен үкілі бөріктері бар қыздардың ажарында мереке күн белгісі сезіледі (М. Әуезов, Таңд.).