КИМЕШЕКТІ

lat: KIMESHEKTİ

сын. Кимешек киген, кимешегі бар. Екеуі баяғының құрдастарындай ойнайды, деді. Олар ақсақалдың бәйбішесі, ақ к и м е ш е к т і арық қара кемпір Нұрия. Әңгімені басқа жаққа аударғысы келді ( М.Мағауин, Ақша қар). Ана кіші келінім, дейді төрде отырған к и м е ш е к т і кемпір дауысын кілт төмендетіп (Д.Исабеков, Қара шаңырақ). Міне, мынау бурыл шашты, ақ к и м е ш е к т і, қара ши барқыт пешпеті бар қария менің қарт әжем. Ол менің әкемнің шешесі (Ш.Мұртазаев, Табыл. теңіз.). Көп ұзамай егіндікте кетпен шауып жүрген әйелдерді көрді. Дені к и м е ш е к т і келіншектер (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен).