КИНО

lat: KINO

зат. 1. өнер. Кинематографияның техникалық негізінде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. К и н о әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін және қазіргі аудиовизиялық мәдениеттің техникалық жетістіктерін өзінің ерекшелігіне орай пайдаланатын синтезді өнер (ҚҰЭ). Қазіргі кино мәдениетпен қатар экономиканың, өнеркәсіптің маңызды саласы ретінде танылады (ҚҰЭ). 2. Кинофильмді түсіріп, оны көрсететін құрал. Қармақтай жүдегеннен қалды қатып, Батпақты судан өтті белден батып.Жүргенде шетелдерде азып-тозып, Күн көрді к и н о құрып таңырқатып . Шипин, Дастан.). 3. Кинотеатр. Бұлар шынында осы жерден тура к и н о г а қарай бет алды (А.Байтанаев, Қансонар). Әсте жаны қыдыруға, қиялдауға тоймаған, Балалық-ай, алау оттың жалынымен ойнаған. Сарабына салмай жатып сезім менен ақылдың, Қолға аттестат алған күні к и н о г а оны шақырдым (М.Шаханов, Ғасырлар.). Күзде Қорлан мектебіне кетеді. Ал оқушы қызды к и н о г а шақыруға мектеп директоры ұлықсат етпейді.Молдағалиев, Ескі дос). Міне, қызық, сол сәтте оның көздерінен от көрдім, Сонда есіме түсе кетті оқиғасы дәптердің. К и н о д а н соң Дариғаны әкеп салып үйіне, Қайттым шалқып, бұл алғашқы «табысыма» сүйіне.Шаханов, Ғасырлар.). 4. с ө й л . Кинофильм. Біз келген күннің ертеңіне колхоз клубына к и н о көруге бардық (А.Хангелдин, Алғыс.). Көрер к и н о ң, ішетұғын бар асың, Тар бөлмеге қамаласың, қаласың. Қаласың да кезесің де жүресің Тоңазытқыш, теледидар арасын.Жақыпбаев, Ләйлә). 5. Кинематографиялық деген мағынада жцмсалатын, күрделі сөздердің алғашқы сыңары. К и н о р е ж и с с е р л е р байқауы.