КИНОШЫЛ

lat: KINOSHYL

сын. Киноқұмар, кинокөргіш. Кейінгі уақытта Құдабай қабағыма қарап, к и н о ш ы л болып алды (Д.Досжанов, Тұлпар.). Күн сайын к и н о ш ы л болуы жақсы өнер емес-ау (Ә.Нұршайықов, Махабб.). Ал бірақ к и н о ш ы л жігіттер кідіруге уақытымыз жоқ, қанша сұрасаңыз да айттырып қыздың құнын төлейміз де, алып кетеміз деп тұрып алды осында (А.Жағанова, Еркежан). Содан киноға тиын бер десем, әйелі сен жынды-ақ к и н о ш ы л екенсің дейді (К.Сегізбаев, Жыл. күндері). //Киноқұмар, кинокөргіш адам. Бізді қонаққа шақырған Аббас, киномен тығыз байланысты болғандықтан, к и н о ш ы л д а р д а н іргесін бөлмепті (Т.Ахтанов, Үндістан.).