КИНОСТУДИЯ

lat: KINOSTÝDIaÁ

зат. Көркем шығармашылық және өндірістік-техникалық қызметтерді ұштастыра отырып, кинофильмдерді шығаратын кәсіпорын. Әдейі Әлібаевты іздеп, Бүкілодақтық к и н о с т у д и я қызметкерлері де келді (С.Досанов, Қыран.). Айналасы бір жетіге толмайтын аз күн ішінде Алматы к и н о с т у д и я с ы н а н, қазақ радиосынан, республикалық газеттерден әлденеше тілшілер, кинооператорлар келді (С.Бақбергенов, Біздің колхоз). Дүниеге келгеніне небәрі екі-ақ жыл болған тәжік к и н о с т у д и я с ы «Зүмірет» фильмін жасап, оның бірінші категориямен бүкілодақтық экранға қабылдап алынғаны да жұртқа мәлім (Ғ.Мүсірепов, Суреткер).