КИСЕЛЬ

lat: KISEL

зат. Жемісидек шырынын, тағы басқаларын крахмал қосып қайнату арқылы даярлайтын қоймалжың сусын. Дұрыс ұйықтау үшін түнге қарай бір стакан тәтті компот не тәтті к и с е л ь ішкен жөн (С.Сұбханбердин, Дәрі дауа.). Қозының азықтану жағдайын барынша жақсарта беру үшін сұлы немесе арпа ұнынан (жақсы еленген) және мүмкіндік болғанда, күріш ұнынан әзірленген к и с е л ь д і пайдалануға болады (Шопан сырласы). Шетеннің бүлдіргенінен к и с е л ь, варенье, повидло, мармелад, джем, шырын, тәтті сироп жасауға болады (С.Сұбханбердин, Дәрі дауа.). Лимон шырынынан әртүрлі сусын жасалады, к и с е л ь әзірленеді, шырынды балықтан, тағы басқалардан жасалған тағамдардың тұздығына араластырады (С.Сұбханбердин, Өсімдік дәрі.).