зат. 1. Ауылдық жерлерде мәдениағарту іс-шараларын жүргізетін, олардың мәдени деңгейін көтеретін, шығармашылық іс-әрекетін дамытатын мәдени-ағарту орны, мекеме, ғимарат. К л у б мекемелеріне студенттік клуб, мектеп клубы, ауылдық, аудандық, қалалық клубтар жатады (Қаз. тілі термин. Педагогика.). Қуат — жас жігіт, совхозда к л у б үйінің меңгерушісі болып істейтін еді (З.Шүкіров, Қиын түйін). Кл у б залы, шынында, алғаш қараған көзге алжа-алжа (М.Әуезов, Таңд. шығ.). Алып-ұшқан қыз қиялы, сірә, тыным тапқан ба? Бірде колхоз к л у б ы н д а диспут болып жатқанда: Алматыдан өкіл келді, желке шашы бір қарыс Аты Оралхан, мамандығы жазушы әлде журналист (М. Шаханов, Ғасырлар.). 2. Идеялас, мүдделес, әрекеті бір адамдардан құралған, демалу, қарым-қатынас жасау, үшін жиналатын қоғамдық ұйым. Ш а х м а т клубы.