КЛАПАН

lat: KLAPAN

зат. инф. Мәшинелер мен құбырларда газдың, будың немесе сұйық заттың өтетін тесігінің кеңдігін өзгерту арқылы оның агынын реттеп тұратын бөлшек немесе тетік. К л а п а н гидротехникалық құрылыстарда суды ашыпжабуға арналып орналастырылатын тетігі арқылы артық суды бөгеттің жоғарғы ернеуінен төменгі ернеуіне ағызуға арналған ашпалыжаппалы қақпақ (Қаз. тілі термин. Әскери). Мұқтар үлкен к л а п а н д ы мол ашып, серпіні күшті буды жүріс механизміне түйдектете жіберіп келеді (Ы.Тникин, Жомарт.). Ал қысым төмендеген жағдайда, серіппенің әсерімен к л а п а н жанармай каналын жабады да, двигатель тоқтайдыракторист.). Шаршы ұялап себудің сапасы көп ретте шүмектердің к л а п а н д а р ы н ашатын механизмнің жұмысына байланысты болады (Ауыл шаруаш. машина.).