КЛАРНЕТ

lat: KLARNET

зат. муз. Клапандары бар цилиндрлі тцтіктен тұратын көп тілді үрмелі музыкалық аспап. Оған өлең айтқызу үшін, Салауатов к л а р н е т п е н қоштауы керек болды. Ғалияның к л а р н е т к е қосыла шырқаған әні тыңдаушыларын таңғалдырды (Ж.Тілеков, От кешу). Кл ар н е т ағаштан жасалған көп тілді, үрлемелі музыкалық аспап (К.Қуатбаев, Қысқ. муз. сөздік.). Флейта мен к л а р н е т «Гүлдарай» әнін шырқатып, безілдетіп, ойнақшытып алып кетеді (А.Жұбанов, Мұқан Төлебаев). К л а р н е т жеке орындаудағы және ансамбльдік аспап ретінде қолданылады, симфониялық және үрмелі аспаптар оркестрлерінің құрамына кіреді (ҚҰЭ).