КЛАСТЕР

lat: KLASTER

жеке компаниялардың ерікті бірлестігі; басқарудың желілік үлгісінен негізделген және ғаламдық экономика жағдайына ыңғайлана алатын инновациялық-бағытталған өндірістік-коммерциялық құрылым. Кластерлерді құру үшін келесідей жағдайлар қажет: елде (яғни, макро деңгейде) және аймақтық деңгейде осыған сәйкес инновациялық орта қалыптастыру; аймақтың инфрақұрылымдық артықшылықтарын анықтау және пайдалану; аймаққа тән ділдік ерекшеліктер мен тарихи мұраларды және халықтың дәстүрін қолдану; аймақтық биліктің жергілікті деңгейде бәсекелестікті ынталандыруы; start up сипатындағы мекемелерді қалыптастыруда жергілікті билік тарапынан кәсіпкерлерге кеңес беру, біліми қызмет көрсету арқылы қолдау және т.б.