КЛАВИШ

lat: KLAVISH

зат. муз. Дыбыс шығару үшін саусақпен басуга арналған, рояль және басқа музыкалық аспаптардағы пластинка, тіл. Рояльдің к л а в и ш т е р і н басып ойнағанда, ішектердің тербелісі қақпақ арқылы таяқшаға беріліп, таяқшадан тіске, тістен жақ сүйекке жетіп, құлақтың ішкі жүйелеріне әсер еткен (К.Әбдіғапаров, Қызық. физ. ). Басым мең-зең. Не тартып отырғанымды білмеймін. Он саусақ к л а в и ш т е лағып жүр. Полонездің бір нотасын ұстай алсамшы (И.Жақанов, Қайта орал.). Сүп-сүйір салалы саусақтары тиісті к л а в и ш т і анық та жеңіл басып, секіре ойнап кеттіалдәурен). В.М. Моцарт төрт жасынан бастап к л а в и ш т е ойнап, бес жасында кішігірім музыкалар жазуға кірістіалам ғажап.).