КЛЕТЧАТКА

lat: KLEChCHATKA

зат. биол. Жасұнық (ағза жасушасының қабығын құрайтын бөлік). Өсімдік клеткасының жақсы қабығы болады, ол к л е т ч а т к а д а н құралады. Мұндай қабықтың болуы клетканың шекарасын айқын көрсетіп тұрады (Қ.Нұғматжанов, Гистология). К л е т ч а т к а, яки целлюлоза өсімдіктер клеткаларының қабығы құрамының басты бөлігі (Жалпы химия). Табиғатта ең көп таралған күрделі углевод к л е т ч а т к а, яки целлюлоза. Өзінің құрылысы жағынан алғанда, целлюлоза ұзын тізбек жасай созылып жататын кәдімгі полимер (Жалпы биология). Целлюлоза латынның клетка деген сөзінен шыққандықтан, оны к л е т ч ат к а деп те атай береді (Н.Нұрахметов, Синтетика.).