зат. инф. Электр сымдарын бекіту үшін қолданылатын қысқыш. Электр двигатель статор мен ротордан, жоғарғы және төменгі қақпақтан, яғни қыстырғыш ұяшығынан, қалып к л е м м а с ы н а н (клемма ток келетін не ток беретін сымды жалғайтын жер) тұрады (Ш.Әбдіраманов, Шопан серігі). Бәрі дайын: рубильникті сілтей көтеріп, к л е мм а ғ а телісе, электр тогы саулайды, автомат аспа рельсті бойлай зырлап жөнеледі (Т.Нұртазин, Адам.).