зат. 1. мед. Әйелдердің аналық бездері гормоналдық қызметінің бірте-бірте тоқтауының физиологиялық кезеңі. Соңғы кезде к л и м а к с терминінің орнына климактериалық кезең немесе перименопаузалық кезең деген ұғымдар жиі қолданылады (ҚҰЭ). К л и м а к с басталуына әйел организміндегі циклдік өзгерістерді реттеуші жүйе (орталық жүйке жүйесі және аналық без) қызметінің бұзылуы негіз болады (ҚҰЭ). 2. экол. Бір атырап жағдайындағы экожүйе дамуының тұрақты, соңгы сатысы. К л и м а к с т ы ң сипаты әдетте, климаттық, геоморфологиялық, топырақтық, биоталық және антропогендік факторлармен анықталады. (Қаз. тілі термин. Экология). К л и м а к с біршама тұрақты өсімдік қауымдастығының (фитоценоздардың) қалыптасуында көрінеді (Қаз. тілі термин. Экология).