КЛИМАТОЛОГИЯ

lat: KLIMATOLOGIaÁ

зат. геогр. Жер шарының климаттары, олардың түрлері, қалыптжу факторлары, географиялық таралу заңдылықтары мен мерзімдік өзгерулері туралы ғылым. Метеорологиялық қорытындыларға сүйенетін география ғылымдарының жүйесіне кіреді. К л и м а т о л о г и я жалпы немесе физикалық к л и м а т о л о г и я (климаттың генезисі мен оның физикалық себептерін зерттейтін) және климатография болып бөлінеді (Қаз. тілі термин. Су.). К л и м а т о л о г и я н ы ң қолданбалы салаларына биоклиматология, агроклиматология, курорттық к л и м а т о л о г и я, медициналық к л и м а т о л о г и я жән е т.б. жатадыаз. тілі термин. Су.). К л и м а т о л о г и я климат түзілу, өткен кездегі, қазіргі және келешектегі Жер климатының типтерін жіктеу мен сипаттау, климатқа антропогендік әсерлер, климаттың шаруашылыққа әсері мәселелерін зерттейтін ғылыми пәназ. тілі термин. Экология).