КЛИНКЕР

lat: KLINKER

зат. 1. Құрылыста тас орнына пайдалану үшін шамадан тыс күйдірілген қоңыр немесе күңгірт қызыл түсті тастай қатты кірпіш. К л и н к е р кәдімгі күйдірілген қызыл кірпіштен анағұрлым берік, күнге, суға, желге төзімді (ҚҰЭ). К л и н к е р д і жолға, көшеге, еденге төсеуге, кейде үй іргесін қалауға да пайдаланады (ҚҰЭ). 2. кен. Мырыш, қорғасын, қалайы рудаларын, олардың концентраттарын қорытудың қалдығы. Қорғасын-мырыш өндірісінде мырыш қалдықтарын немесе қатты қождарды (шлактарды) вальцтеу процесі кезіндегі алынған бағалы шала өнім де к л и н к е р деп аталады (ҚҰЭ). К л и н к е р металлургияда мырыш, қорғасын, қалайы кендерін, олардың концентраттарын айналмалы құбырлы пештерде қорытқаннан кейін қалатын қалдық ретінде алынатын қиын балқитын күйе жентектелген масса (Қаз. тілі термин. Кен). К л и н к е р силикат құрастырушылары магнитсіз фракцияларға шоғырланып, құрылыс материалдары өндірісінде шикізат ретінде пайдаланылады (Қаз. тілі термин. Кен).