КОД

lat: KOD

зат. Көбінесе телеграф арқылы дипломатиялық, коммерциялық, әскери және тағы басқа әртцрлі хабарларды беру үшін қолданылатын, қысқарған шартты белгілер мен атаулардың жиынтығы. Машиналар белгілі ережелерге сәйкес тексті бір тілден екінші тілге аударады, айтылып тұрған сөзді машина тіліне, яғни к о д қ а айналдырады (Қ.Жарықбаев, Психология). Шартты белгілер жиынтығы к о д немесе шифр деп аталады. Морзе азбукасы да к о д болып есептеледі (Жалпы биология). К о д т ы ң көмегімен қандай түрдегі болсын информацияны алысқа беруге немесе оны механикаландырылған, автоматтандырылған әдіспен өңдеуге ыңғайлы формаға келтіруге болады. К о д таңбаларын жазуға көбінесе цифрлар немесе плюс (+), минус (-), нүкте (.) белгілері жән е т.б. қолданылады. К о д есептеу техникасында, телемеханикада, телеграфта пайдаланылады (ҚҰЭ). К о д әскерлерді (күштерді) ұрыстарда, операцияларда басқаруды ұйымдастыратын штабтарда дайындалатын, қатаң шектелген тар шеңбердегі тұлғаларға жеткізіледі. К о д белгілі бір уақытта енгізіледі (Қаз. тілі термин.Әскери). К о д т ы дер кезінде ауыстырмау құпия мәліметтердің жайылып кетуіне әкеп соқтырадыаз. тілі термин. Әскери.).