КОД АУЫСТЫРУ

lat: KOD AÝYSTYRÝ

қатынас жасаушылардың (сөйлеушілердің) қарымқатынас акт кезінде бір тілден (тіл вариантынан) екінші тілге (тіл вариантына) бір рет немесе бірнеше дүркін ауысуы. Код ауыстыру жағдаятқа, тақырыпқа, қарым-қатынас иелеріне, әлеуметтік (кәсіби) рөлдеріне (бағынышты бастық, дәрігер емделуші, оқытушы студент, сатушы сатып алушы т.б.) және т.б. факторларға байланысты болады. Код ауыстыру барысында тілдердің араласуы бір тілде қолдануда екінші тілдің элементтерін (сөз, фраза, одан да ірі бірліктер) пайдалану байқалады.