КОДЕИН

lat: KODEIN

зат. мед. Наркоздың және ауру басатын, көбінесе жөтелді басу үшін қолданылатын дәрі. К о д е и н морфийден алынатын препарат. Жөтелді басатын дәрі ретінде қолданылады (Ғ.Қыдырниязов, Шопан.). Құрғақ жөтелді басуға к о д е и н, дионин жән ет. б. дәрілерді қабылдауға (дәрігердің рұқсатымен) болады (М.Исамбаев, Мед. анықтама). Бехтерев микстурасының құрамында адонс, бромды натрий, к о д е и н бар (С.Сұбханбердин, Дәрі дауа.).