КОФЕ

lat: KOFE

зат. 1. Тропикалық өсімдіктің, яғни кофе ағашының дәні (тццымы, црыгы). К о ф е н і ң шыққан жері Африка. Ол Оңтүстік Эфиоп провинциясы Каффа дегеннен барып, «кофе» деп аталған. К о ф е Африкадан Арабияға әкелінген, кейін ол Оңтүстік-Шығыс Азия аралдарына таралған (С.Сұбханбердин, Өсімдік дәрі.). К о ф е дәнінде: клетчатка, азотты заттар, кофеин, қант, май, минералды тұздар бар. Құрамында кофеин мөлшерінің көптігіне байланысты табиғи к о ф е д е н жасалған сусындар орталық нерв жүйесін қоздырады және сергітедіаз.тілі термин. Тамақ. ). 2. т ам а қ. Кофе дәнінен жасалған су сын. Сағат сайын қаншама көк тапалар! Қанша шашын ағартады апалар! Арасында шумақ пенен шумақтың Қанша кесе, Қанша шәйнек к о ф е бар! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). Гипертониямен ауырыіп жүрген кезде, ет пен балық сорпасын және тұздық, қою шай мен к о ф е ішуге болмайды (Р.Сәтбаева, Гипертония.). Соя тұқымынан май, ірімшік, қаймақ, сүт, ұн, нан, печенье, к о ф е, конфет, шоколад, торт сияқты көптеген тамақтар пісіреді (Т.Таубаев, Жасыл әлем). Нерв жүйесі өте сезімтал, жүрегі ауыратын, қан қысымы жоғары, нашар ұйықтайтын адамдарға тым қою кофе ішуге болмайды (Қаз. тілі термин. Тамақ. ).