зат. кен. Таскөмірді, шым тезекті, мцнай цалдыңтарын ауа кіргізбей, 900-11000 С температурада шала жандырудың нәтижесінде алынатын металлургиялық отын. К о к с қатты, түсі сұр, кесек, іші кеуек, қызуы күшті, көміртекті материал. Оны қасиеттеріне қарай домналық, генераторлық, мұнайлық, электродтық коксдеп түр-түрге бөледі (Қаз. тілі термин. Кен). К о к с табиғи отындарды (негізінен таскөмірді), сондай-ақ кейбір мұнай өнімдерін кокстеу арқылы алынатын қатты қалдық. Таскөмір к о к с ы шойын қорытуда, мұнай к о к с ы электродтар жасауда жән е т.б. қолданылады (Қаз. тілі термин. Геология.). Домна пештерінде табиғи газды пайдалану к о к с шығынын кемітуге мүмкіндік береді (Орган. химия).