зат. Түрлі сусындардың салқындатылған қоспасы. 1. Дәмдәуіштер, сүт, жеміс шырындары жән е т.б. қосылған спиртті ішімдіктер қоспасы. Кафеде шымшымдап к о к т е й л ь ішіп отырған («Лен. жас»). У сатып ішпекпісің к о к т е й л ь д е н (Қ.Жармағанбетов, Баллада.). К о к т е й л ь бар екені анықталды (Ғалам ғажап.). 2. Жеміс-жидек, сүт, қант қосып дайындалған алкогольсіз сусын (Қаз. тілі термин. Тамақ.).