зат. мед. Тоқішектің қабынып ауруы. Квасты... к о л и т, энтерит аурулары бар адамдарға ішуге болмайды (С.Сұбханбердин, Дәрі дауа.). Гастрит, энтерит, к о л и т сияқты қабыныстар болса, соңынан күлкілдеп жараға айналады, кейде зәрлі ісіктер де пайда болады («Лен. жас»). Дәрігерлер адамда к о л и т немесе дизентерия ауруы болған күнде, полиптерді анықтау үшін, зерттеуді өте мұқият жүргізеді (ҚҮЭ.).