КОЛЛАЖ

lat: KOLLAJ

зат. өнер. 1. Бейнелеу өнеріндегі техникалық әдіс, кубизм, футуризм суретшілерінің шығармашылъщ ізденісі кезінде пайда болған бейнелеу өнерінің бір тәсілі. К о л л а ж формальды эксперимент ретінде кубистер, футуристер және дадаистер енгізді (Орыс.-қаз. түсінд. сөздік. Журналистика.). К о л л а ж газеттерді, журналдарды және үлкен эмоционалды өткір басылымдарды жән е т.б. иллюстрациялау үшін қолданылады, суреттердің, фотографиялардың және фрагменттердің «мозайкалық желімденуін» аңғартады. К о л л а ж қазіргі уақытта компьютерлерде орындалады (Орыс.-қаз. түсінд. сөздік. Журналистика.). 2. Шығармаға өзге композиторлардың туындыларынан тың фрагменттерді енгізу тәсілі. ХХ ғасырда музыкада орын алған тәсілді, шығармаға өзге композиторлар туындыларынан стильдік түрғыдан бөтен фрагменттер енгізуді де к о л л а ж деп атайды (ҚҰЭ). 3. б а с п а Полиграфиялық безендіру ісінде әртүрлі фотосуреттерді біріктіріп, қажеті мазмцндағы әсерлі сурет жасау тәсілі (ҚҰЭ).