1) (әскери) белгіленген формадағы қысқаша ауызша бұйрық; 2) әскердің қандай да бір бөліміне басшылық жасау, жетекшілік ету; 3) (әскери) ерекше бірлікке бөлінген шағын әскери бөлім; 4) (теңіз) басшылықпен бірге матростары бар кеме экипажы; 5) қызметтік міндеттерін орындау барысындағы өрт сөндіру қызметкерлері; 6) спорттық жарысқа қатысушылар тобы, өз капитанына бағынатын қарсылас жақтың бірі.