КОМБАЙН

lat: KOMBAIN

зат. Бір мезгілде бірнеше егіншаруашылық жұмыстарды атқара алатын жұмыс мәшинелерінен біріктірілген күрделі агрегат. К о м б а й н астық, майлы дақылдар, сүрлем, бақша өнімдері, жемісжидек және тамыр түйнекті жемістер жинауға, кен қазуға т.б. қолданыладыаз. тілі термин. Тамақ). Ағызып ән бұлағын таңдайынан, Жас жігіт келеді әне мал қайырған. Тігіліп сонша неге көп қарайды, Көз алмай қыз жүргізген к о м б а й н н а н? (Т.Айбергенов, Мен саған.). «СК-4» к ом ба й н ы н жасау үшін 6160 килограмм металл сынығы керек (М.Тоқбергенов, Жыл он екі ай). Астық жинауда к о м б а й н д ы қолдану еңбек өнімділігін 40 еседен аса көбейтті (А.Дауылбаев, Қазақст.).