КОМБИНАТОРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР

lat: KOMBINATORLYQ ÓZGERİSTER

Бір дыбыстың екінші дыбысқа игеріліп, тәуелді болып тұруы. Дыбыстар өзгеруінің бұл түрін қазақ тілінде игерулі өзгерістер деп те атайды; мысалы: мектеп мектебі; ерін ерні; көңіл көңлі; колхоз колхозға, мектеп мектепке т.б. Осындағы ы дыбысы і дыбысының ықпалымен «п» дыбысы ұяңдап б дыбысына айналып тұр. Ы немесе і дыбысының түсіп қалуы өзі тектес дыбыстың сөз соңынан жалғануына немесе тәуелденуге байланысты. Колхозға, қызметке деген сөздердің қосымшасы түбір соңындағы ұяң, қатаңға байланысты жалғанып, өзінен бұрынғы буындармен үйлеседі