КОМИТЕТ

lat: KOMITET

зат. 1. Белгілі бір қызметті атқаратын мемлекеттік басқару органы. Қазақстан Республикасының Президенті Парламент Сенатының келісімімен Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік к о м и т е т і н і ң Төрағасын қызметке тағайындайды, оларды қызметтен босатады (ҚР Конституциясы). Республика Президентінің, Премьер-Министр мен Үкімет мүшелерінің, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауіпсіздік к о м и т е т і Төрағасының кез келген отырыстарға қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар (ҚР Конституциясы). 2. Шаруашылық, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын сайланбалы коллегиялық орган. Ата-аналар к о м и т е т і н е мүше етіңдер, халық арасында жұмыс істейін (С.Омаров, Өмір.). Киім-кешек, мүліктің бәрі әскер к о м и т е т і н і ң қарамағында (Х.Есенжанов, Тар кезең). Оқушылар к о м ит е т і н е н де, комсомол к о м и т е т і н е н де өкілдер болды (С.Сарғасқаев, Біз төртеу.).