КОМПИЛЯЦИЯ

lat: KOMPILÁSIaÁ

зат. инф. Жоғары деңгейлі бағдарламалау тілінде әзірленген бағдарламаны немесе жеке бағдарламалық модульді мәшине тіліндегі бағдарламаға не мәшине тіліне жуық бағдарламага аудару. К о м п и л я ц и я процесінде программа аралық формаға түрленеді, яғни әрі қарай оны стандартты бағыныңқы программалар мен процедуралары бар кітапханалық құралдарға қосу керек (Қаз. тілі термин. Информатика.). К о м п и л я ц и я нәтижесінде машиналық кодта құрылған программасы бар, алайда жеке программалық процедуралар арасындағы байланыс анықталмағандықтан, орындалуға дайын емес объектілік файл құрылады (Қаз. тілі термин. Информатика.).