сын. Кешенді. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығын химияландырудың к о м п л е к с т і мәселелері күн тәртібіне қойылып отыр («Лен. жас»). Әрбір ауыспалы егіс к о м п л е к с т і бір бригадаға бекітіліп беріледі (М.Ерлепесов, Суармалы егін). Каналдардың көпшілігі к о м п л е к с т і пайдаланылады (Ж.Жатқанбаев, Су.). Комплексті автоматтандыру. инф. Кешенdi автоматтандыру (өндірісті автоматтандырудың аса маңызды түрі). К о мп л е к с т і а в т о м а т т а н д ы р у д а өнімді тасымалдау мен бақылауды қоса есептегенде өндірістік процестегі жұмыстың бүкіл комплексін автомат машиналар мен технологиялық агрегаттар атқарады. Адам осы машиналар мен агрегаттардың жұмысын бақылаумен ғана шұғылданады (Орыс.-қаз. түсінд. сөздік. Физика).