КОМСОМОЛ

lat: KOMSOMOL

зат. тар. 1. Кеңес өкіметі кезінде Кеңестік Социалистік Республикалар Одағында құрылған жастардың кргамдық-саяси ұйымы. К о м с о м о л 1918 ж. 29 қазанда Мәскеуде өткен жұмысшы-шаруа жастарының 1-съезінде құрылған (ҚҰЭ). К о м с о м о л д ы ң орнына ТМД елдерінде әртүрлі жастар ұйымдары пайда болды (ҚҰЭ). Санаторийде үш к о м с о м о л мүшесі бар екен (Е.Оразақов, Дәрігер.).//Комсомол ұйымының мүшесі. Ол кезде біз к о м с о м о л да болдық (Ауызекі). 2. Комсомол комитеті. Мен қырманға орналастым есепші боп «айбарлы», Ал Танакөз к о м с о м о л д ы ң хатшысы боп сайланды (М.Шаханов, Ғасырлар.).