КОНДУКТОР

lat: KONDÝKTOR

зат. Теміржол пойызы мен қалалық көліктерде жолаушыларға қызмет ететін адам. Ең соңғы поезд. К о н д у к т о р жүруге белгі беріп те қойды (Б.Мәдиев, Өрендер). Біреу космонавт болады, біреу домна салады, ал біреу трамвайда к о н д у к т о р болып істейді не болмаса кірпіш қалайды (І.Есенберлин, Ғашықтар). «Титан-магний комбинаты, соңғы аялдама» деген к о н д у к т о р д ы ң даусы шықты (С.Тәжіғұлов, Асау Ертіс.). К о н д у к т о р д ы ң айтуынша, бұл екі баланың трамвайға мінгеніне жарты сағатқа жуық боп қалғанға ұқсайды (Ә.Көпбаев, Мақтаныш.).