КОНДЕНСАТОР

lat: KONDENSATOR

зат. 1. физ. Екі немесе одан да көп металл пластинкалардан құралған, электр күшін жинайтын аспап. Анодпен экран арасында біріне-бірі перпендикуляр екі пар ауытқытушы пластинкалар алақшалар) орналасқан. Бұл пластинкалар к о н д е н с а т о р л а р болып табылады (М.Бекбауов, Көгілдір экран). Косинусты к о н д е н с а т о р л а р еліміздің химия өнеркәсібі орындарында кеңінен қолданылуда («Соц. Қаз.» ). Кілтті ажыратқан кезде к о н д е н с а т о р (С) кедергі (R) арқылы разрядталады да, лампа сеткасының потенциалы төмендейді. Бұл анодтық токты арттыра түседі (К.Айманов, Физика.). 2. инф. Заттың газ тәрізді (бу тәрізді) күйден сұйық затқа немесе кристалды затқа айналуын жүзеге асыратын аппарат. К о н д е н с а т о р химиялық технологияда, жылу және салқындатқыш қондырғыларда, буландыру қондырғыларында пайдаланылады. К о н д е н с а т о р д ы ң екінші бір түрі электр конденсаторырыс.-қаз. түсінд. сөздік. Физика). Пайдаланылған бу к о н д е н с а т о р деп аталатын айрықша құрылымға жіберіледі. Бұл бу осы жерде ақпа сумей суытылатын труба арқылы өтіп, өзінің ішкі энергиясының бір бөлігін жоғалтады да, осы жерде тазарады (А.В.Перышкин, Физика.). К о н д е н с а т о рл а р мен тоңазытқыштардан өткенде, су өнімді салқындатып қана қоймайды («Лен. жас»).