КОНФИСКАЦИЯ

lat: KONFISKASIaÁ

зат. тар. Кәмпескелеу (ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы Кеңес өкіметі әкімшілік органдарының уәкілі немесе сот шешімінің келісімімен іске асырған ірі меншік иесінен басы бүтін дүниесін күшпен тәркілеп айыру процесі). Жол серігім келгеннен-ақ қыңыр сөйлеп, менің кім екенімді, әсіресе, к о н ф и с к а ц и я туралы өлең жазғанымды естіген, жауындай көріп, тіпті жиіркенгендей кескін білдіргені несі? (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.). Заман да қауырт өзгеріп сала берді. Кеше ғана бұл өлкені ұлы к о н ф и с к а ц и я науқаны дір сілкіп өткен (С.Шаймерденов, Жыл құсы). Бұл күрестің әсіресе өршіген, имеленіскен шағы 20-жылдардың аяғында к о н ф и с к а ц и я науқанына да байланысты еді («Лен. жас»).