1. Бір-біріне қарама-қарсы мүдделердің, көзқарастардың, умтылыстардың соқтығысуы; тартыс, дау-жанжал, келіспеушілік. К о н ф л и к т екен деп металлург байғұсты кіммен жанжалдастырасың (Ә.Омарбаев,Кәрлен.). 2. әдеб. Тартыс, шиеленіс. Қазақ әдебиеті үшін толғағы жеткен мәселе шығармаға лайықты тартыс (к о н ф л и к т) табу және кейіпкерлерді ірілендіру, типтендіру проблемасы болып табылады («Қаз. әдеб.»). Бейімбет шаруалардың өмірін жақсы біліп қана қойған жоқ, ол сол өмірге үңіле қарап, өмір романтикасын, неше алуан к о н ф л и к т іл ер і н тапты (І.Омаров, Серпін.).