зат. Байқау І.Үздік шығып, сыйлық, награда алу үшін, оқу орындарына оқуға түсу т.б. үшін жарысу. Ой, к о н к у р с қ а қатысып, бәйгеге ілігу қандай жақсы! (С.Шаймерденов, Болашақ.). Енді бір абитуриентті к о н к у р с елегінен өткізу керек (Бәйшешек). К о н к у р с т а үздік шыққан коллективтер қалалық байқаудың дипломдары және грамоталарымен наградталды («Лен. жас»). К о н к у р с қатысушылардың қатарынан таңдаулыны анықтау мақсатындағы жарыс. Мысалы, БАҚ-тардағы бос лауазымдарға орай жұмысқа қабылдау, жарияланған материалдардан таңдаулысын іріктеу жән е т.б. («Қаз. әдеб.»). 2. Балалар арасында ғылым, әдебиет, өнер жән е т.б. салалар бойынша өткізілетін жарыс. К о н к у р с балалардың белсенділігін, білімі мен шеберлігін арттыруға белгілі салаларға бейімділігі мен қабілетін айқындауға жәрдемдеседі (Қаз. тілі термин. Педагогика). 3. Мемлекеттік лауазымға іріктеу тәсілдерінің бірі. Қазақстанда конкурс әкімшілік-мемлекеттік лауазымға орналасу үшін мына мақсаттарда қолданылады: а) азаматтардың мемлекеттік қызметке тең қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету; ә) неғұрлым білікті мамандарды іріктеуді қамтамасыз ету. Ол бос тұрған әкімшілік-мемлекеттік лауазымға орналасуға арналған к о н к у р с т ы өткізудің арнайы Ережесімен реттеледі (ҚҰЭ).