КОНКУРС

lat: KONKÝRS

(латын тілінен concursus қақтығысу, кездесу, бірігу) келісімшарт жасауға, тапсырыс алуға, тауар сатып алуға, мүлік құндылықтарын жекешелендіруге, лауазымды иеленуге және т.б. үміткерлер қатарынан үміткерлердің шектеулі санын анықтау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында әлеуметтік маңызды жобалардың лоттарын бөлу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурстың мақсаты үздік қатысушыны немесе үздік жобаны анықтау. Шетел (халықаралық) терминологиясында конкурс «тендер» деп аталады.