зат. 1. Басқа мемлекетте белгілі бір міндеттерді (өз мемлекеті мен оның азаматтарының заңдық және экономикалық мүдделерін қорғау істерін) орындау үшін тұрақты өкіл ретінде тагайындалған лауазымды адам. К о н с у л д ы тағайындаған мемлекет оған жеке басын куәландыратын патент береді және ол өзі қызметке келген мемлекеттің рұқсатынан (экзекватура) кейін ғана міндетіне кіріседі (ҚҰЭ). К о н с у л тағайындалған елінде өз мемлекетінің заңды тұлғалары мен жекелеген азаматтарының экономикалық және құқықтық мүдделерін қорғайды, төлқұжаттар мен кіру-шығу рұқсатнамаларын береді, нотариалдық қызметтер, т.б. атқарады (ҚҰЭ). К о н с у л Алматыдан байланыс жасап, Алматы Қарлығашпен жалғасты (Ә.Әлімжанов, Махамб ет. ). 1928 жылы Совет өкіметі Н.Т.Төреқұловты Сауд Аравиясының Хеджас, Неджде және соларға қосылған облыстарға алдымен бас к о н с у л, кейін 1930 жылдың басынан 1936 жылға дейін Совет Одағының өкілеттік елшісі етіп тағайындайды (Ж.Арыстанов, Естен кетп.). 2. тар. Ежелгі Римде болған жоғарғы мемлекеттік лауазымдардың бірі. К о н с у л бір жылға, алғашында тек ақсүйектерден ғана (патриций) сайланған (ҚҰЭ). Кейін ақсүйектер мен кедейлердің күресі нәтижесінде плебейлер де к о н с у л ғ а сайлана алатын болған. Онда к о н с у л д а р, негізінен, ақсүйектер мен бай көпестер арасынан сайланып, әкімшілік, қаржы, сот, ішінара заң шығару билігін өз қолдарында ұстады (ҚҰЭ).