КОНСУЛЬТАНТ

lat: KONSÝLTANT

зат. 1. Кеңес беруші, ақыл айтушы адам. Бұл кісі осы айналадағы мал баққан жұрттың к о н с у л ь т а н т ы көрінеді, айтқаны екі болмайды (З.Ақышев, Біздің шамш.). Практикалық ақылшы, кеңесшісі, к о н с у л ь т а н т ы Өтеміс (С.Қалиев, Еңбек). 2. Кеңесші, (кітапхана, мұражай т.с.с. келушілердің сауалдарына жауап беріп, анықтама беретін адам). Егер анықтама қажет болса, бұл жөнінде библиографиялық кабинеттегі кезекші к о н с у л ь т а н т кітап алушыға көмектеседі («Лен. жас»).