КОНСУЛЬТАЦИЯ

lat: KONSÝLTASIaÁ

зат. 1. Белгілі бір маманның тарапынан берілетін кеңес. Ойым кейбіреулерін үлкен ғалымдарға көрсету, к о н с у л ь т а ц и я алу (Қ.Жұмалиев, Жайсаң жан.). К о н с у л ь т а ц и я, қаржы-көмек атаулының талайын соқты (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). Мен к о н с у л ь т а ц и я ғ а келіп отырмын (Қ. Мұқамеджанов, Өзіме де.). Есенәлі екінші рет к о н с у л ь т а ц и я ғ а келді (Ж.Тілеков, Қайнар). 2. Науқастарды қабылдайтын, емдейтін, кеңес беретін мекеме. Жас баланы айына бір рет балалар к о н с у л ь т а ц и я с ы н а апарып, көрсетіп, дәрігердің берген нұсқауларын бұлжытпай орындап отыру керек (С.Сұбханбердин, Дәрі дауа.). Бала туған күннен бастап үш жасқа дейін аудандық балалар к о н с у л ь т а ц и я с ы дәрігерінің бақылауында болады (Семья тәрбиесі).