зат. 1. хим. Қоспа, ерітінді, қорытпа щрамындағы заттардың салыстырмалы мөлшері. К о н ц е н т р а ц и я ұғымы ерітінділердегі еріген зат молекулаларының салыстырмалы мөлшерлерін сипаттау үшін қолданылады (ҚҰЭ). Ерітіндінің белгілі мөлшерінде болатын еріген заттың салмақ мөлшері ерітіндінің к о н ц е н т р а ц и я с ы деп аталады (Химия). Жаз айларында көлдердің суы көп буланғанда, ондағы тұздардың к о н ц е н т р а ц и я с ы мүлде көбейеді (Ж.Жатқанбаев, Су.). Теңізде мекендеуші жануарлардың көбі судың тұздылығы артуына біржақты бейімделген болады да, тұз к о н ц е н т р а ц и я с ы н ы ң кемуі оларды өлімге соқтырады (Жалпы биология). 2. экон. Бірнеше фирманың немесе рыноктың бір қолда немесе капиталдың өндірісте бір жерде шогырлануы. К о н ц е н т р а ц и я г а түсу.