сын. Концентрациясы, бар, концентрация қосылған. Қант пен күкірт қышқылының к о н ц е н т р а ц и я л ы ерітінділері тамызылған белок қызғылт түске боялады (Т.Мұсақұлов, Ботаника). Егер ерітіндіде еріген зат көп болса, мұндай ерітінді к о н ц е н т р а ц и я л ы ерітінді деп аталады (Химия). Жартылай өткізгіш қалтаға к о н ц е н т р а ц и я л ы қант ерітіндісін құйып, оны таза су құйылған ыдысқа салғанда, ыдыстағы су жартылай өткізгіш қалта ішіндегі қантқа қарай өтіп, оның ішін керней бастаған (Т.Мұсақұлов, Ботаника).